Тонаған көліктерін видеоға түсіріп алатын қылмыскер ұсталды

1118

Ол 9-нан 10 қыркүйекке қараған түні 5 автокөлікті тонаған.

Тонаған көліктерін видеоға түсіріп алатын қылмыскер ұсталды

ІІД қызметкерлері Ақмола облысының 28 жастағы тұрғынын қылмыс үстінде қолға түсірген. Ол 9-нан 10 қыркүйекке қараған түні 5 автокөлікті тонаған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Криминалдық полиция қызметкерлерінің ақпараты бойынша, күдікті бір сценарий бойынша әрекет еткен. Ол көліктердің есік құлпын ашып салонға кіріп, автомагнитолла, көлік иесінің жеке заттары мен басқа да мүліктерді алған. Барлық ұрлық түнгі сағат 2 мен таңғы сағат 5 аралығында орын алды. Тонаушы ұрлық жасаумен бірге өз ұрлығын бейнетаспаға жазған.

Полиция қызметкерлері тәркілеген бейнетаспаға қарағанда көлік тонау өзіне ләззат сыйлайтын сияқты. Көлік тонаудан бөлек, ол көлік ішіндегі заттарды сындырған.

10 қыркүйек күнгі түнгі жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті қолға түсті. Оның қылмысы бейнетаспаға түсіп қалған. Күдіктінің бұдан бұрын да осындай қылмысқа байланысты жауапқа тартылғаны анықталды. Тергеу-тексеру барысында күдікті қыркүйек айының 9-нан 10-на қараған түнде 5 көлікті тонағанын толық мойындады, тоналған заттар көлік иелеріне қайтарылды. Қазіргі уақытта ұсталған азамат ІІД-нің уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Сонымен қатар, бұрын жасалған ұрлықтарға қатысы бары тексеріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу