Қостанайлық тәртіп сақшылары тонауды 10 минут ішінде ашты, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-кесілтеме жасап.
15 қыркүйек сағат 21:10-да қала полициясына 67 жастағы әйелден хабарлама түскен. Жәбірленуші Гашек көшесіндегі дүкен маңында белгісіз біреулердің оның сөмкесі мен алтын сырғасын ұрлағанын хабарлады. Сөмкеде 60 мың теңге болған.
Диас Әбдікәрімов пен Қуаныш Аяғановтың құрамындағы автопатруль оқиға орнына жетіп, жәбірленуші шабуылдаушылардың қай бағытта жасырынғанын көрсетеді.
Тәртіп сақшылары аулаларды тексеру барысында екі күдіктіні анықтады. Олар Рудный қаласының 31 және 32 жастағы тұрғындары болып шықты.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу