Тони Блэр Газада құрылатын кеңесті басқаруы мүмкін

249

ХАМАС Президент Дональд Трамптың Газа секторы бойынша бейбіт жоспарына өзгертулер енгізеді.  

Тони Блэр Газада құрылатын кеңесті басқаруы мүмкін Фото: focus.ua

Бұл туралы қозғалыстың мүшесі Мұхаммед Наззаль мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Ақ үй басшысының ұсынған құжаты 20 тармақтан тұрады. Оны Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху қолдап отыр.

Жоспарға сай, Газа секторын Бейбітшілік кеңесі басқаруға тиіс. Оған танымал британиялық саясаткер Тони Блэр жетекшілік етуі мүмкін деген ақпар тарады. Сондай-ақ ХАМАС кепілдегі тұтқындарды жіберсе, Израиль түрмеде отырған палестиналықтарды босатпақ. Бірақ сарапшылардың айтуынша, мәміленің жүзеге асуы екіталай.

"Қазір ХАМАС Президент Трамптың ұсынысынан бас тартуы мүмкін деген қауіп күшейіп тұр", – дейді сарапшылар.

Өйткені осыған дейін қозғалыс өкілдері соңғы демдері қалғанша Израильге берілмейтінін мәлімдеген болатын. Яғни соғыстың әзірге тоқтайтын түрі жоқ. Ал тыныштық кеткен Газа қаласынан палестиналықтар оңтүстікке үдере көшіп жатыр. Көбі жалаңаяқ, қолына іліккенін алып, бас сауғалайтын жер іздеп кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу