Төңкеріс жасау әрекеті мұқият жоспарланған – Бас прокурор

Дайындық жыл бойы жасырын түрде жүргізілген. 

Төңкеріс жасау әрекеті мұқият жоспарланған – Бас прокурор Фото: ratel.kz

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша тәртіпсіздіктер мен одан кейінгі төңкеріс жасау әрекеті мұқият жоспарланған.

"Қаңтар оқиғаларына дайындық бүкіл 2021 жыл бойы жасырын түрде жүргізілген. Бұл жұмысты күш құрылымдарының жекелеген өкілдерінің басшылығымен адамдарды жинап, қару-жарақ, рация және көлік сатып алған түрлі ҰҚТ мүшелері жүргізген", – деді Бас прокурор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу