Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде төңкерісшілер Қазақстандағы реформаларға кедергі келтіруге тырысқанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
"Төңкерісшілер елімізде қолға алынған реформаларға кедергі келтіруге тырысты. Тіпті Президентке де қарсы болды. Өзгерістер олардың мүдделеріне тиімді емес еді. Өйткені реформалардың басты мақсаты – әділетті қоғам орнату, монополияларды жою, саяси трансформация жасау, еліміздің экономикалық дамуын жеделдету. Халық та осыны талап етіп отыр. Сондықтан бағытымызды өзгертпейміз, реформалар міндетті түрде өз жалғасын табады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында.
Дәурен Ерболат