Іnbusiness.kz тілшісі Ұлттық банк жариялаған есеп-кестесін талдап, қай елдер инвестицияны азайтқанын және қай елдер көбейткенін анықтап көрді.
Қазақстанның мұнай саласына инвестиция салатын Нидерланды 2020 жылы 5,1 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция салса, былтыр бұл көрсеткіш 6,9 млрд АҚШ долларына өскен.
Осылайша, Нидерланды Қазақстанға инвестиция салу жағынан бірнеше жылдан бері көш бастап келеді.
Бұл тізімде екінші орында АҚШ тұр. Бұл мемлекет Қазақстанға салынған инвестиция көлемін 22 пайызға арттырып, 2,8 млрд АҚШ долларына жеткізген.
Үшінші орындағы Швейцария да тікелей инвестицияны 0,9 млрд АҚШ долларына арттырды. Ал төртінші орындағы Ресей 0,8 млрд АҚШ долларына көбейтті.
Алғашқы бестікті түйіндейтін Қытай 2021 жылы тікелей инвестицияны "пандемиялы" 2020 жылдан қарағанда шамамен екі есе арттырып, 1,8 млрд долларға жеткізген.
Бұдан кейінгі орындарда тұрған Бельгия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Түркия елдері де тікелей инвестицияны көбейткені байқалады. 2020 тізімде тоғызыншы тұрған Оңтүстік Корея былтыр тікелей инвестиция көлемін 805,5 млн долларға жеткізіп, сегізінші орынға көтерілген. Ал Франция инвестиция көлемін азайтқан.
Аян Бекенұлы