TOP-5: Туристер арасында Қазақстанның танымал ең көрікті жерлері

1850

Саяхатшылар арасында танымал үздік 5 туристік бағыт аталды.  

TOP-5: Туристер арасында Қазақстанның танымал ең көрікті жерлері Фото: inbusiness.kz

Былтыр елімізге 610 мыңнан астам шетелдік турист келген. Ішкі туризм көрсеткіштері де айтарлықтай өсті, деп жазады inbusiness.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Туризм комитетінің ақпаратына сәйкес, Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағы 2022 жылы туристер арасында ең танымал орынға айналып, оның табиғатын 628 мың турист тамашалаған.

550 мыңнан астам адамды қабылдаған Бурабай ұлттық саябағы да саяхатшылар үшін ең тартымды туристік бағыттардың біріне айналып отыр.

Үшінші орында Көлсай көлдері орналасқан. Мұнда келген туристердің саны 190 мыңнан асып жығылады.

Төртінші орында – Баянауыл. Былтыр ұлттық саябақ аумағында 85 мың турист демалды. 

45 мыңнан астам саяхатшы барған Шарын шатқалы үздік бестікті қорытындылады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу