ҚР Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Бекболат Тілеухан "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына берген сұхбатында қайтыс болған соң қайда жерленгенін қалайтынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Түкке тұрмайтын, лып етіп өтіп кететін өмір ғой. Сондықтан топырағымызды Алла Тағала Мединадан бұйыруды нәсіп етсін. Құнанбайлардың арманы, менің де арманым. Болмаса мұсылманның жерінен бұйырса дейміз. Ыстамбұл да тегін жер емес", - деді Бекболат Тілеухан.
Сондай-ақ, ол журналистің "елде жерленсе туған-туыс, таныстар топырақ тастап отырады ғой", деген сауалына: "Мен үшін ештеңе шарт емес, қай жерде дәм-тұзым таусылады, сол жерден бұйырады",- деді Тілеухан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу