Топырақ сырғып, лай көшкен кезде сақтық шараларын қалай ұйымдастырамыз?

350

Таудағы топырақтың сырғуы қолайсыз гидрометеорологиялық жағдайлар және адамдар беткейдің тұрақтылығын бұзған кезде теріс антропогендік әсерден туындайды.  

Топырақ сырғып, лай көшкен кезде сақтық шараларын қалай ұйымдастырамыз? Фото: pixabay.com

Ауырлық күшінің әсерінен топырақтардың немесе тау жыныстарының байланысы азайған кезде бүкіл масса қозғалады. Сырғыманың пайда болуына көптеген факторлар әсер етеді. Әсіресе жауын-шашынның мөлшерден тыс көп түсуі, қардың қарқынды еруі, жер сілкінісі, су ағынындағы судың жоғарылауымен тау бөктеріндегі су ағынының шайылуы.

2023 жылы 7 мәрте топырақ сырғыған (Алматы қ., Алматы обл. - 3, Түркістан обл. - 1) және 11 сел құбылыстары (Алматы қ. - 8, Алматы обл. - 3) және Алматы облысында 1 жылжыма оқиғасы тіркелді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

ҚР ТЖМ ұсынады:

  • егер тұрғын үй немесе саяжай үйі таулы жерлерде орналасқан болса, жарықтар, топырақтың батпақтануы, құбыр желілерінің техникалық ақаулары, кәріз, судың сынуы үшін аумақтарды үнемі көзбен шолып тексеріп отырыңыз;
  • эвакуация кезінде құжаттардың, мүліктердің және дәрі-дәрмектердің тізімін алдын ала жасаңыз. Бағалы заттарды, қажетті жылы киімдерді, азық-түлік, су және дәрі-дәрмектерді арнайы рюкзакқа (чемоданға) салыңыз;
  • туыстарыңызбен жиналу орындарын алдын-ала анықтаңыз, бір-біріңізді қалай табуға және төтенше жағдай орын алған кезде байланыста болуға келісіңіз;
  • төтенше жағдайларда өз әрекеттеріңізді алдын ала ойластырыңыз;
  • көшкін қаупі туралы сигналдарды алған кезде электр құралдарын, газ аспаптарын және су құбыры желісін ажыратыңыз, алдын ала әзірленген жоспарлар бойынша дереу эвакуациялауға дайындалыңыз;
  • қауіпсіз жерге эвакуациялаңыз және қажет болған жағдайда құтқарушыларға қазба жұмыстарын жүргізуге, зардап шеккендерді құлаудан шығаруға және оларға көмек көрсетуге көмектесіңіз;
  • тауға жорыққа шыққанда, жақын адамдарыңызға немесе таныстарыңызға қатысушылардың саны, бағыты және болжамды қайту уақыты туралы хабарлауды ұмытпаңыз.

Көшкін белгілері анықталған жағдайда жергілікті атқарушы органдарға, ТЖМ аумақтық бөлімшелеріне және 112-ге хабарлаңыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу