Топырақтың агрохимиялық құрамы туралы зерттеулер шаруаларға қолжетімсіз

775

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, құзіретті органдарда алқаптардағы топырақтың агрохимиялық құрамы туралы жаңа деректердің болмауына байланысты, жерді тиімсіз пайдаланушыларға топырақтың құнарлылығын сақтауға бағытталған қандай да бір ықпал ету шаралары қолданылмай отыр.

Топырақтың агрохимиялық құрамы туралы зерттеулер шаруаларға қолжетімсіз

АШМ басшысы Агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығына барды, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сіздердің мекемелеріңіз жасаған топырақтың агрохимиялық құрамы туралы мәліметтер базасы дәл егіншілік технологиясының талаптарына толық сәйкес келмейді. Осыған байланысты ғылыми орталыққа алынған деректер тек бақылаушы органдар қажеттілігі үшін ғана емес, барлық жер пайдаланушылары өздерінің практикалық жұмыстарында пайдаланатындай зерттеу әдістемелерін жетілдіру қажет", - деп атап өтті министр мекеме жұмысымен және елдің топырақ құнарлылығының жай-күйі туралы ақпаратпен танысу барысында.

Бұл істе министрлік тарапынан қажетті көмек көрсетілмек.

Айта кетсек, "Агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми- әдістемелік орталығы" ММ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану, сақтау, құнарлылығын арттыру, көбейту және сапалы өнім алу мақсатында саланың агрохимиялық қызметін қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу