"Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасының (КҰП) Төралқасы съезін шақыру туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
ҚР КҰП съезі 2017 жылғы 14 маусымда сағат 11 00, Астана қаласы, Достық 16 көшесі, Ritz-Carlton отелінде өткізіледі. Съезд қатысушыларын тіркеу 2017 жылғы 14 маусымда сағат 09:00-де басталады, 2017 жылғы 14 маусымда сағат 10:30-да аяқталады. Тіркелу үшін жеке басын куәландыратын құжат ұсыну қажет.
Күн тәртібі:
1.Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жататын ҚР КҰП қызметінің қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті бекіту туралы.
2.ҚР КҰП-тың үшжылдық кезеңге арналған индикативті орта мерзімді бюджетін бекіту туралы.
3.ҚР КҰП Төралқасының кейбір мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату және оларды сайлау туралы.
4.ҚР КҰП Тексеру комиссиясының жылдық есебін бекіту туралы.
5. Әртүрлі мәселелер. Күн тәртібі мәселелері жөнінде материалдар съезд қатысушыларының мекен жайына съездің өткізу күніне дейін электрондық байланыс арқылы жіберіледі.
Анықтама алу үшін +7(7172) 91-93-56 байланыс нөміріне хабарласуды сұраймыз.