Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған вайнерлерге қатысты материалдар Түрксіб аудандық сотына жолданған.
"Істі қайта қарау жақын арада өтеді", – деп мәлімдеді сот өкілдері.
Еске салайық, былтыр маусым айында Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құру ісі бойынша сот үкімі шыққан болатын. Аталған іс бойынша вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 5 жылға сотталған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу