Танымал әнші Төреғали Төреәлі Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке дайындаған сыйлығы туралы айтып берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Ол Олимпиадаға кетер алдында біз кездесіп, бата қылып едік. Құдай қабыл еткен ғой. Менің оған қандай қатысым бар. Жаттығу жасаған Елдос, алтынды алған Елдос, досым, құрдасым. Халықтың алтын ұлы", - деді әнші Instagram-дағы Stories-те.
Әнші асыл тұқымды жылқысын сыйға тартпақ.
"Мен оны Ел-аға деп атаймын. Менде бұрын үлкен ағалар берген жылқы бар. Жақсы асыл тұқымды. Соны сыйға тартамын", - деді әнші.
Әнші дзюдошыға "Көкпарға тойып мінерсіз! Тұлпарыңыз салым сала берсін! Өзіңіз алтындар ала беріңіз, досым" деп жазып жіберген.