Алматы облысы Кеген аудандық соты әншіге қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесін қарады.
ҚР ҚК 293-бабы, 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдікке ілінген Төреғали Әлихановқа қатысты сот қаулысымен 10 000 000 (он миллион) теңге көлемінде кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Аталған бұлтартпау шарасын қолдану тәртібі ҚР ҚК мен ҚІЖК-де нақты көрсетілген.
28 қыркүйекте Төреғали Төреәлі Көлсайда гидке қол көтерді деп айыпталды.
30 қыркүйекте Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов Төреғали Төреәлінің уақытша ұстау изоляторына тоғытылғанын мәлімдеді.
Сұрақ-жауап алу кезінде Төреғали Төреәлі жанжал бейнебаян түсіру кезінде орын алғанын айтты.
Оның айтуынша, жәбірленуші өзіне қадала қарап, сонысымен жұмысына кедергі келтірген. Осылай өзара басталған жанжалдың соңы әншінің қол көтеруімен тынған.