Төреғали Төреәлі 20 тәулікке қамауға алынды

3357

Көлікті есірткіге мас күйінде жүргізген ол 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды.

Төреғали Төреәлі 20 тәулікке қамауға алынды Фото: youtube.com

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында көлік құралдарына зақым келтіруге әкеп соққан есірткіге мас күйінде көлік құралын басқару фактісі бойынша А. азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігі), деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Сот 2023 жылдың 14 маусымында А. мас күйінде көлік жүргізіп, патрульдік көлікке шабуыл жасағанын анықтады. Апат салдарынан автокөліктер механикалық тұрғыдан зақымданды.

"Сот отырысында құқық бұзушы іс материалдарында баяндалған фактілерді растады және бұл іске өкінетінін білдірді", - делінген хабарламада.

ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін сот қаулысымен кінәлі деп танылды және ол 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сонымен қатар, 20 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу