Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан "Нұр Отан" партиясы мүшелігіне өтті

960

Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан "Нұр Отан" партиясы мүшелігіне өтті

Бүгін "Нұр Отан" партиясының орталық аппаратында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай партияға қабылдау рәсімі өтті. Онда партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед өз саласында биік белестерді бағындырған талантты 15 жас қазақстандыққа партиялық билеттерін салтанатты жағдайда тапсырды, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.
Бүгін "Нұр Отан" партиясының мүшесі атанған жастар қатарында белгілі әнші, алғаш рет ұйымдастырылған "Жыл таңдауы" ұлттық телевизиялық ән байқауының лауреаты Төреғали Төреәлі, бірнеше хит әндердің орындаушысы Ерке Есмахан, ауыр атлетикадан Рио олимпиадасының қола жүлдегері Карина Горичева, кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов, бидайды қайта өндеу саласында әлемдік деңгейде жаңалық ашқан жас ғалым Әуесхан Оспанов, археолог Айбар Қасеналин, республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығының дәрігері Алуа Масалимова, Ақтөбе облысы, Алға аудандық балалар үйі директорының орынбасары Вероника Власова, "Ауыл шаруашылығы саласындағы ең үздік жас маман" байқауының жеңімпазы Егемен Жұмағали, республикалық және халықаралық дебат турнирлерінің бірнеше дүркін жүлдегері Уәлихан Тұрарбек, жас кәсіпкер Нұрлан Қабыштаев, "Дипломмен ауылға" бағдарламасының қатысушысы Ахмет Магомедов, "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты Жалғас Молжігіт, жас шахтер Николай Алейников және металлург Дмитрий Бобылев бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу