Төреғали Төреәлінің екінші қарындасы ана атанды

2510

Бұл туралы блогер Дина Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Төреғали Төреәлінің екінші қарындасы ана атанды Фото: instagram.com

Танымал блогер, кәсіпкер, Төреғали Төреәлінің кіші қарындасы Дина Төреәлі алғаш рет ана атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Құрсағымда бір құлыншақ жатыр. Аллаға сансыз шүкірлер мен мадақтар! Бұл сезімді айтып жеткізу мүмкін емес сірә. Осы әлемдегі әр нәзік жандылар ана бақытын сезінсін деп шын жүрегіммен Алладан тіледім”, – деп жазған болатын блогер. 

Тіпті блогер перзентханадан шыққан сәтін де жариялап та үлгерді. Динаның жолдасы жеке парақшасына видео жүктеп, “Ұлды болдым, ағайын” деп жазды. 

Желі қолданушылары Динаның әпкесінен ерте босанғанын жарыса жазып жатыр. Алайда бұл туралы блогердің өзі жақ ашпады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу