Төреғали Төреәлінің ұшақ бортына заңсыз өтіп кетуіне кінәлілер жауапқа тартылды

674

Ол "Эйр Астана" АҚ әуе кемесінің Алматы - Гонконг рейсіне ұшқалы тұрған ұшақ бортына өтіп кеткен.

Төреғали Төреәлінің ұшақ бортына заңсыз өтіп кетуіне кінәлілер жауапқа тартылды

2018 жылдың 14 қыркүйегінде Т.Алихановтың (Төреғали Төреәлі – ред.) әуежайдың бақылау аймағына және "Эйр Астана" АҚ әуе кемесінің Алматы - Гонконг рейсіне ұшқалы тұрған ұшақ бортына өтіп кетуіне байланысты ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті жоспардан тыс инспекциялық тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижесі бойынша, Алматы әуежайында авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін, рұқсат етілмеген тұлғаның бақылау аумағы мен әуе кемесінің бортына заңсыз өтіп кеткеніне байланысты көрсетілген әуежай мен әуе компанияның кінәлі тұлғаларына қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 570-бабының 1-тармағына сәйкес "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ авиациялық қауіпсіздік қызметінің бөлім инспекторы Рахимгереев Ринатқа 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды (48 100 теңге). Сондай-ақ,
бөлім инспекторы Қырғызбаев Абылай Жәрдемұлына 20 АЕК (48 100 теңге), бөлім инспекторы Закирова Шолпанға 20 АЕК (48 100 теңге), "Эйр Астана" АҚ әуе компаниясының жолаушыларға қызмет көрсету агентіне 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды (48 100 теңге).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу