Төрешілер Левиттің жолын тағы кесті

977

Бокстан Екатеринбургте өтіп жатқан әлем чемпионатында Василий Левит тағы да әділетсіздікке тап болды.

Төрешілер Левиттің жолын тағы кесті

91 келіде жұдырықтасқан қазақстандық боксшы жартылай финалда эквадорлық боксшымен кездесіп, 2:3 есебімен түсініксіз жағдайда жеңілді деп жазады Olympic.kz. 

Жартылай финалда Василий Левит эквадорлық Хулио Кастильомен жұдырықтасты.  Василий Левиттің жартылай финалдағы қарсыласы эквадорлық Хулио Кастильо болды. Шаршы алаңда отандасымыз қарсыласынан бір бәс жоғары болып, белсенді жұдырықтасқан болатын. Алайда төрешілер шешімімен 3:2 (28-29, 29-28, 28-29, 29-28, 30-27) есебімен жеңіс Хулио Кастильоға берілді.  Финалға жолдама алған боксшы енді ресейлік Муслим Гаджимагомедовпен кездеседі. Айта кетелік, Қазақстан қоржынына бокстан әлем чемпионатының үшінші қола жүлдесі түсті. Бұған дейін Сәкен Бибосынов пен Тұрсынбай Құлахмет үздік үштікті тұйықтаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу