Торғай облысын қайта құруды талап еткен бейбіт митинг өтті

969

Нұр-Сұлтанда Торғай облысын қайта құруды талап еткен митинг өтті, деп хабарлайды Atameken Business.

Торғай облысын қайта құруды талап еткен бейбіт митинг өтті

Қалалық әкімдік рұқсат берген бейбіт шеру Елордадағы цирк аумағында ұйымдастырылды. Мұнда жиналғандар Торғайда туған танымал тұлғалардың, қазақтың біртуар азаматтарының портреттерін көтеріп, облысты қайта ашуды сұрады.

Бастамашыл топтың айтуынша, бұрынғы Торғай облысының құрамында болған аудандардың бүгінгі экономикалық жағдайы нашар.

Әсіресе, коммуналдық салада қордаланған мәселе өте көп. Ауыз су тапшылығы, автокөлік жолдарын жөндеу сияқты жұмыстар назардан тыс қалған. Сондықтан тұрғындар "аталған аймақ облыс болып қайта құрылса, күрмеулі мәселелердің өздігінен шешілеріне" сенімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу