Төрт адамның өлімі: Павлодардағы өрттің себебі айтылды

627

Павлодарда 4 адамның өмірін қиған өрттің алдын ала себебі айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Төрт адамның өлімі: Павлодардағы өрттің себебі айтылды

"Алдын ала мәлімет бойынша, өрт отты абайсыз пайдалану салдарынан шығуы мүмкін", - деп жазылды Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ басқарма жанған пәтердің кіреберісінен 25 адам эвакуацияланғанын атап өтті. Оның төртеуі бала. Өрттің аумағы – 56 шаршы метр.

Еске салайық, кеше Павлодарда пәтер өртеніп, салдарынан 3 ересек адам мен 1 бала қаза тапқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу