Төрт ай жалақы алмаған "Ордабасы" футболшылары жаттығудан бас тартты

720

Төрт ай жалақы алмаған "Ордабасы" футболшылары жаттығудан бас тартты

Ордабасы футбол командасының ойыншылары жалақыларын 4 айдан бері ала алмай жүр. Шыдамы таусылған Ордабасы футболшылары бүгін кезекті жаттығуларына шықпай қалды. Ал, мәселені ушықтырмауға тырысқан команданың бас бапкері жалақының осы айда болатынын айтып сендірді, деп хабарлайды kk.tvk-uko.kz

4 айдан бері еңбекақыларын алмай шыдамы таусылған команда ойышылары бүгін наразылық танытып, жаттығуға шықпай қалды. Қарашаның бесі күні Оқжетпес қомандасымен сайысатын оларды жаттығудан гөрі ақша жағы алаңдатып тұр.

"Біз жаттығудан бас тарттық. Барлығы біледі, біз 4 айдан бері жалақысыз жүрміз", - дейді Ордабасы командасының қақпашысы Алмат Бекбаев.

Ал, бас бапкер болса айлықтың кешігу себебін қажетті қаражатты дұрыс есептей алмағандарынан көріп отыр.

"Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін командаға көптеген легионерлерді алдық. Соның салдарынан клубтың шығындарын дұрыс жоспарлай алмадық. Нәтижесінде ойыншылардың жалақысы сәл кешігіп жатыр. Мәселе қараша айында шешімін табады", - деді Ордабасы ФК бас бапкері Бақтияр Байсейітов.

Футболшылар бұл уәдені кезекті алдаусырату деп түсінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу