Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.
"Биылғы 4 айда камералдық бақылаумен 5 трлн теңгеге жуық 175 мың мемлекеттік сатып алу рәсімдері қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша 26 836 рәсім бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде оларды жою туралы хабарламалардың 90% мемлекеттік аудит объектілерімен орындалды. 684 аудиторлық іс-шара өткізілді", - деді ведомство басшысы.
Оның сөзінше, аудитпен шамамен 303 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылған.
"Сомасы 46 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету мен жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу жолымен 31 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды. Аудит объектілері қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 692 ұсыным берілді", - деп атап өтті Қаржы министрі.