"Сәуірдің 8-інен 9-на қараған түні Нұр-Сұлтан, Ақтау, Көкшетау және Балқаш қалаларының әуежайларының ақпараттық қызметтері мен электронды мекенжайларына белгісіз біреулерден Минск-Нұр-Сұлтан бағытындағы әуе кемесінің бортында жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына алғашқы жедел-құтқару жасақтары жіберілді. Тексеру барысында жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылар табылмады", – делінген орталық хабарламасында.
Анонимді қоңыраулар мен анықталған электронды мекенжайлар бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, жалған хабарламаның авторын анықтауда.