Төрт бала көз жұмған Аягөздегі орталықтың медқызметкерлері шартты мерзімге сотталды

617

Биылғы сәуір айында Аягөздегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында төрт бала қайтыс болып, іс қозғалған еді. Осы іске қатысты сот процестері аяқталып, үкім шықты.  

 Төрт бала көз жұмған Аягөздегі орталықтың медқызметкерлері шартты мерзімге сотталды

Аягөз аудандық сотында атап өткендей, арнайы орталықтың медициналық қызметкерлері тарапынан көптеген кемшіліктер кеткені анықталған.  Дәрігерлер өз қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қараған. Айталық, төрт баланың жағдайы әбден ауырлағаннан кейін аудандық ауруханаға жатқызылған. Балалар бірінен кейін бірі 9 күннің ішінде қайтыс болған.

Сот материалдарына сүйенсек, медқызметкер, 1980 жылы туған Елена Токтажанова өзінің кәсіби міндетін дұрыс атқармай, абайсызда екі және одан да көп баланың өліміне себепкер болғаны үшін 3 жыл 6 айға сотталды. Сондай-ақ, орталық қызметкерлері: 1994 жылы туған Әльмира Задабекова, 1956 жылы туған Разия Маңғазбаевалар да өз кәсібіне немқұрайлылық танытып, адам өліміне себепкер болғаны үшін шартты түрде сотталды. Үшеуі де 1 жылдан 1,5 жылға дейін медициналық қызмет атқарудан шеттетілді. Оларға шартты мерзім өткенге дейін тұрғылықты мекенжайын, оқу орнын ауыстыруға және түнгі уақытта ойын-сауықтық орындарға баруға тыйым салынды.

Аягөздегі арнайы орталықтың медициналық қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шыққанымен, ол әлі заңды күшіне ене қойған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу