Елімізде төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасылар көпбалалы отбасы болып саналады. Бұл туралы қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.
"Төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасылар көпбалалы отбасы болып саналады", – деді журналистерге қаржы министрі "Нұр Отан" партиясы съезінен кейін.
Тап қазіргі уақытта елімізде бес және одан да көп баласы барлар көпбалалы отбасы болып саналады.
"Балалары бар аз қамтылған отбасылардың әр баласына мемлекет басшысы айтқандай шамамен 20800 теңгеден төленетін болады", – деді министр.
Сондай-ақ министр бейсенбі күнге үкімет отырысы жоспарланғанын, онда президенттің съезд барысында берген тапсырмалары қарастырылатынын айтты.