"Төрт баласы қалды": Мейрамханада әйелге араша түскен полицей кісі қолынан қаза тапты

391

Оқиға полицейдің жұмысынан тыс уақытта болған. 

"Төрт баласы қалды": Мейрамханада әйелге араша түскен полицей кісі қолынан қаза тапты Фото: видео скриншот

Алматыдағы мейрамханалардың бірінде әйел адамға араша түскен полицей кісі қолынан қаза тапты. Марқұмның артында екі ұлы, екі қызы қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға танымал мейрамханалардың бірінде түнгі уақытта болған. Полиция қызметкері Нұрсұлтан Несіпбаевтың бейтаныс әйелді қорғамақ болғаны бейнебақылау камерасына жазылған. Басылымның жазуынша, аяусыз соққылап жатқан ер адамға ескерту жасап, сыртқа шығып кетеді. Кейін араларында жанжал туындап, арты қайғылы жағдаймен аяқталды. 

"Қазақтың қызын қорғаймын деп, өмірі қыршынынан қиылды. Жолдасыммен әлі көретін жақсылығымыз әлі алда еді ғой, мақсаттарымыз алға қойған. Мына бала-шағаны өсіреміз деген мақсатымыз бар еді. Көптеген жақсылық болады деген мақсатымыз бар еді. Енді өкінішті, жастайынан өмірі қиылды...", – марқұмның әйелі Бақыт Жетіген.

Бұл жағдай полицейдің жұмысынан тыс уақытта болған. Іш құрылысы мен жүрек тұсынан пышақ жарақатын алған азамат ауруханаға жеткізіле салысымен көз жұмған. Артында екі ұлы, екі қызы қалды.

Медеу ауданы ПБ аға жедел уәкілі Бағдат Құрамысовтың сөзінше, Нұрсұлтан Несіпбаев мамандығына адал болған. 

Бүгінгі таңда қылмыс жасады деген күдікті қамауға алынды. 

Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек қатарлас қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.  Қылмыстық істің басқа мән-жайы жария етілмейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу