Төрт банк банкоматтарға қатысты өзара келісім жасады

864

Төрт банк банкоматтарға қатысты өзара келісім жасады

Бүгін "ForteBank" АҚ, "Еуразиялық банк" АҚ, "Сбербанк" АҚ ЕБ  және "Kaspi Bank" АҚ жергілікті банкомат желілерінде клиенттердің серіктестік шарттарында ақша алуы туралы келісім жасады, деп хабарлайды eubank.kz.

Төрт банктің клиенттері келісімге қатысушы өзге банктің банкоматынан бір транзакция кезінде 200 мың теңгеге дейін және бір тәулікте 500 мың теңгеге дейін ала алады.

Келісім клиенттер үшін Қазақстан бойынша 2 500-ден астам банкоматта қолма-қол ақша алуды оңайлатады.

Келісімге қатысушы әр банктің өз клиенттері үшін ақша алудың жеке талаптары сақталады.

Төрт банктің төлем карталарын 3,5 милионнан астам қазақстандар қолданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу