Төрт боксшымыз Финляндиядағы турнирдің финалына шықты

515

Финляндияның Хельсинки қаласында бокстан Gee Bee халықаралық турнирі аяқталуға жақын.  

Төрт боксшымыз Финляндиядағы турнирдің финалына шықты

Төрт қазақстандық боксшы жарыстың финалында жұдырықтасады деп хабарлайды Olympic.kz. 

57 келідегі Қайрат Ерәлиев жартылай финалда франциялық Джордан Родригесті ұтты.

69 келідегі Асланбек Шымбергенов финал жолдамасы үшін таласта финляндиялық Айдын Бехруздан басым түсті. 

91 келідегі Нұрлан Сапарбай тағы бір фин спортшысы Данил Рантаненді ұтып, финалға жолдама алды. 

Аса ауыр салмақтағы Сағындық Тоғамбай жартылай финалда ресейлік Иван Сагайдакты жеңді. 

Бек Нұрмағанбет (81 келі) пен Ділмұрат Мижитов (63 келі) қола жүлдегерлер қатарында.   
  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу