Төрт дүркін әлем чемпионы атанған жалғыз футболшы Марио Загалло өмірден өтті

303

Марио Загалло 92 жасында өмірден өтті.  

Төрт дүркін әлем чемпионы атанған жалғыз футболшы Марио Загалло өмірден өтті Фото: Дзен

Дүние жүзінде төрт дүркін әлем чемпионы атанған жалғыз футболшы және бапкер.

  • Марио Загалло 1931 жылы дүниеге келген.
  • Футболшы мансабында 1948-1965 жылдарда Бразилияның клубтарында ойнады.
  • 1966 жылдан бастап Бразилия клубтарының, Кувейт, Сауд Арабиясы, БАӘ құрамаларының тізгінін ұстады.
  • Өз елінің ұлттық құрамасы сапында 1958, 1962 жылдарда әлем чемпионы атанды.

Ал 1970, 1994 жылдарда бапкерлік қызметте алтын медаль алды.

"Марио Загалло футбол әлемінде өз өрнегін қалдырды. Ойыншы ретінде жанкүйерлердің жылы ықыласына ие болса, бапкерлік қызметінде жемісті еңбек етті", — деп жазылған Бразилия футбол конфедерациясы таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу