Төрт кәсіпкер бірігіп, көпбалалы анаға пәтер сыйлады

1189

7 баласымен пәтер жағалап жүрген ана үйлі болғанына қатты қуанды.

Төрт кәсіпкер бірігіп, көпбалалы анаға пәтер сыйлады

Маңғыстауда жеті баланың анасына үй сыйға берілді. Мұндай сыйлықты Людмила Смағұлова мен оның балаларына Ақтаудағы төрт кәсіпкер жасады. Енді олар екі бөлмелі жаңа үйде тұратын болады, деп хабарлайды inaktau.kz-ға сілтемемен bnews.kz.

"Менің үлкен ұлым жұмысқа тұрды. Бізге қолынан келгенше көмектеседі, біздің қамымызды ойлайды. Өзім үнемі жұмыс істейтінмін, бірақ кішкентай балаларым туылған соң, әзірше жұмысқа шыға алмаймын", – деді Людмила Смағұлова.

"Біз адамдармыз, біз біргеміз" қайырымдылық қоры азық-түлік пен ең қажетті заттарды жеткізіп, қол ұшын созған. Қор директоры Иманғазы Досмұхамбетовтың айтуынша, кәсіпкерлер Людмила туралы біліп, отбасына үй салып беру арқылы жаңа жылдық сыйлық жасауға шешім қабылдаған. 

"Екі бөлмелі үй Батыр ауылында салынды. Баспананың асүйі жабдықталған, жылу және электр қуатымен қамтамасыз етілген. Біз Людмила және оның балаларына сол үй туралы айтқанымызда, олар енді өздерінің баспанасы пайда болғанына ұзақ уақыт сене алмады", – дейді Иманғазы Досмұхамбетов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу