12 қазандағы жағдайы бойынша "көмір сатылатын жерде" көмірдің жалпы қоры 10 655,5 тоннаны құрайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Оның ішінде 41 вагон немесе 2841 тонна "Шұбаркөл" маркасының көмірі, 33 вагон немесе 2296 тонна "Майкөбе", 25 вагон немесе 1732 тонна "Қаражыра", сондай-ақ 1 вагон немесе 69 тонна "Богатырь" маркасының көмірі.
Бұрын хабарлағанымыздай, Астана қалалық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы көмір сатушылармен бағаның өсуіне жол бермеу туралы меморандумдарға қол қойған болатын.
Көмір түрлері мынадай бағада сатылуда: "Шұбаркөл" - тоннасына 13 500-14 500 теңге, "Қаражыра" - тоннасына 14 000 теңге, "Майкөбе" - тоннасына 12 000-12 500 теңге, "Богатырь" көмірі - тоннасына 8500-9500 теңге, "Кузнецкий" – тоннасына 12 000-12 500 теңге.
Осы жылдың тамыз айынан бастап қалаға 156,3 мың тонна көмір жеткізілді. КҚМ кезінде көмірдің жалпы тұтынуы халықтың қажеттіліктері үшін 400 мың тоннаны құрайды. Ал осы жылдың 1 тамызынан 11 қазанға дейін 138,7 мың тонна қатты отын сатылды. 11 қазанда 1497,68 тонна көмір сатылды.