Төрт күннен бері Жайықтан келген үлкен суды бөгет жібермей ұстап тұр

337

Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты кейбір елді мекендерді су басу қаупі әлі де сақталып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Төрт күннен бері Жайықтан келген үлкен суды бөгет жібермей ұстап тұр Фото: ТЖМ

ТЖМ мәліметінше, өңірде жалпы ұзындығы 520 км-ден асатын бөгет салынған. 

Қазгидромет гидрологиялық мониторинг деректерінің 11 мамыр сағат 09:00-дегі мәліметі бойынша:

  • Атырау – 533 см, тәулігіне + 5 см.
  • Индербор ауданы – 1026 см, тәулігіне +12 см.
  • Махамбет ауданы – 939 см, тәулігіне +15 см.

Айта кетейік, Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет гидропостында деңгей сыни межеден асып түсті.

Су тасқыны жағдайы ТЖМ құтқарушыларының бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу