"Төрт облысқа барған мұғалімдерге – екі есе жалақы"

13349

Мәжіліс кулуарында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов журналистерге өңірлердегі мұғалім тапшылығын шешу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

"Төрт облысқа барған мұғалімдерге – екі есе жалақы"

"Педогог тапшылығы негізінен Маңғыстау, Атырау, Түркістан және Алматы облыстарында. Бұл өңірлердегі кадр мәселесін шешу, білім сапасын арттыру үшін арнайы бағдарлама қабылдаймыз. Тиісті қаржы бөлінеді. Яғни осы аймақтарға барған әріптестеріміздің жалақысы екі есе көп болады және жұмыс істеген уақытында баспана беріліп, коммуналдық шығындары да мемлекет тарапынан төленеді", – деді министр.

Жалпы мұғалімдер тапшылығы, министрдің айтуына қарағанда, халықтың қалаға көшуіне және демографияға байланысты.

Министр педогогикалық мамандықтарға грант саны көбейіп, мамандардың жалақысы көтерілген соң, қызығушылар саны арта түскенін айтады.

"Қазір мың мектеп салу тапсырмасы берілгені белгілі. Қай уақытта салынып бітеді деп алаңдаушылар бар. Бірақ мен одан бұрын мамандар даярлау мәселесін уайымдаймын. Өйткені осыншама мектепке 100 мыңнан астам оқытушы қажет болмақ. Оларды дайындап үлгеру мәселесі бізге өте өзекті", – дейді ол.

Фото: dalanews.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу