Төрт облыстың әкіміне ескерту жасалды

883

Үкімет басшысы қысқа мерзімде жағдайды түзетуді тапсырды.

Төрт облыстың әкіміне ескерту жасалды Фото: primeminister.kz

Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары құрылыс, өнеркәсіп және байланыс салаларында сонымен қатар инвестиция тарту ісінде көш соңында қалған. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді.

Үкімет басшысы нәтижелері көңіл көншітпейтін облыстардың әкімдеріне қысқа мерзімде жағдайды түзетуді тапсырды.

"Артта қалған өңірлер жұмыс қарқынын күшейтіп, тиісті шаралады іске асыруы қажет", – деп Асқар Мамин облыс басшыларына ескерту жасады.

Белгілі болғандай, 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында жалпы ішкі өнім 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3%-ға өскен. Құрылыстағы көрсеткіш – 13,5%-ға, саудада – 7,6%-ға, көлік саласында – 5,5%-ға, машина жасау ісінде – 18,2%-ға, жеңіл өнеркәсіпте – 19%-ға, металл рудалары өндірісінде – 16,1%-ға, мұнай өңдеуде 7,2 %-ға ұлғайған.

"9 айдың қорытындысы бойынша экономикалық өсімнің негізгі базалық көрсеткіштері бойынша Атырау, ШҚО, Түркістан, Жамбыл, Павлодар облыстары әкімдерінің оң жұмысын атап өткім келеді", – деді премьер-министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу