Төрт өңірде бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

416

Астана қаласы мен Шығыс Қазақстан, Қостанай және Абай облыстарының бірнеше ауданында оқушылар онлайн форматта білім алады, деп жазады inbusiness.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

Төрт өңірде бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды Фото: halyq-uni.kz

Астана білім басқармасы 2 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары сабаққа үйден қосылатынын хабарлады.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райы қолайсыздығына, нақты айтқанда аязға байланысты бірнеше ауданда оқушылар қашықтан оқиды.

"Атап айтқанда, Алтай ауданында бірінші ауысымдағы 0-4 сынып, Глубокое ауданы мен Риддер қаласында 0-9-сынып оқушылары мектепке бармайды. Қалған қала, аудандарда сабақ дәстүрлі форматта өтеді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Абай облысы әкімдігінің дерегінше, Семей қаласында 1-4 сынып оқушылары, Бесқарағай, Бородулиха аудандарында 1-9 сыныптар қашықтан оқиды.

Сондай-ақ Курчатов қаласының мектептерінде 1-4 сынып және даярлық топ оқушылары мектепке бармайды.

Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында да 0-4 сыныптар бірінші ауысымда онлайн оқыту форматына көшіріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу