Төрт өңірде тас жолдардың жабылуына байланысты 400 адам пойызбен тасымалданды

282

Тасымалдау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Төрт өңірде тас жолдардың жабылуына байланысты 400 адам пойызбен тасымалданды Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тас жолдардың уақытша жабылуы және басқа көлік түрлерінің қозғалысы шектелуі жағдайында пойыздар ең сенімді әрі қауіпсіз көлік құралы саналады.  

– Бүгін Сарыбел, Екібастұз, Ерейментау және Бурабай курорты станцияларынан Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен шамамен 400 жолаушы тасымалданды, – делінген "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Ұлттық тасымалдаушы азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, аса қажеттілік болмаған жағдайда ұзақ сапарлардан бас тартуға шақырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу