Төрт өңірдің патрульдік полициясы Түркістанға қолдау көрсетуге келді

375

Соңғы күндері Түркістан көшелерінде полиция экипаждары көбейген. Мұны әлеуметтік желілерде тараған  видеолардан да байқауға болады. 

Төрт өңірдің патрульдік полициясы Түркістанға қолдау көрсетуге келді Фото: Желіден

15 мамырда Түркістан қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) бейресми саммиті қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттері басшыларының бейресми саммитіне байланысты қоғамдық қауіпсіздік шаралары мен жол қозғалысын бақылау күшейтілген.

Осы мақсатта Шымкент қаласы мен Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан патрульдік полиция қызметкерлері арнайы шақыртылған.

"Қазіргі таңда полицейлер қалада қоғамдық тәртіпті қадағалап, жол ережелерінің сақталуын бақылап, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр", - делінген ресми хабарламада. 

Тәртіп сақшылары тұрғындар мен қала қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға және полиция қызметкерлерінің талаптарына түсіністікпен қарауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу