Төрт өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

591

Еліміздің кей облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-нің баспасөз қызметі.  

Төрт өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

4-5 желтоқсан күндепі Өскемен, Риддер қалалары мен Жаңа Бұқтырма ауылында 2 дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

5-6 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түседі. Петропавл қаласында 5-6 желтоқсанда тұман болуы мүмкін. Ауа райы болжамының дәлдігі – 90-95%.

5 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі – 85-90%.

5 желтоқсанда Түркістан облысында тұман, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Шығыстан секундына 15-20 метрге жететін жел тұрады. Ауа райы болжамының дәлдігі – 90-95%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу