Әсіресе, Қызылқоға және Жылыой аудандарындағы мал шаруашылығымен айналысатындар қауіпсіздік талаптарын алдын-ала сақтау қажет, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Атап айтқанда, Қызылқоға ауданындағы қос ЖШС, 78 шаруа қожалығы және үш жеке тұлғаға мал шаруашылығына қатысты. Сондай-ақ 6 жеке тұлғаға егін шаруашылығы бойынша ескерту жасалды. Қызылқоғада өзен бойындағы шаруаларда барлығы 7 мыңдай мүйізді ірі қара, 12 мыңға жуық қой-ешкі мен 3 мыңнан астам жылқы және 100 шақты түйе бар.
Жылыой ауданында жалпы саны 460 шаруа қожалығы бар, оның ішінде өзенге жақын қоныстанған Қара арна, Қосшағыл, Жем және Ақкиізтоғай ауылдық округіндегі шаруаларға ескерту жасалды. Онда барлығы 4 мыңнан астам мүйізді ірі қара, 7800 қой-ешкі, 1700 түйе және 2760 жылқы тіркелген.