2019 жылдың бірінші жартысында еліміздегі төрт түзеу колониясы жабылады. Бұл туралы ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.
Түзету колонияларының жабылу себебі – тұтқындар саны азайған. Министрдің айтуынша, соңғы екі жылда мұндай жеті мекеме жабылыпты. Колонияларға бөлінген қаражат полиция қызметкерлерінің жалақысын көтеруге жұмсалмақ.
Сондай-ақ, еліміздегі түрмелердің ғимараттары 30-50 жылдары тұрғызылғандықтан жөндеуді қажет етеді екен. Осыған байланысты ішкі істер министрлігі Жол картасын әзірлеп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу