Төрт жыл бұрын апатты деп танылған үйдің қабырғасы құлады

835

Төрт жыл бұрын апатты деп танылған үйдің қабырғасы құлады

Петропавлда екі қабатты үйдің қасбеті опырыла құлап, тұрғындар далада қалды. Құтқарушылар оқиға орнынан 8 адамды сыртқа шығарды, екеуі бала, деп хабарлайды 24.kz.

Әйтеуір зардап шеккендер жоқ. 1950 жылдары тұрғызылған тұрғын үй осыдан төрт жыл бұрын апатты деп танылған екен. Дегенмен, бүгінгі күнге дейін мұнда үш отбасы, жалпы 13 адам тұрып келген. "Береке" шағынауданының тұрғындары осы  маңдағы тағы бір үй құлағалы тұр деп дабыл қағып отыр. Ол да апатты жағдайда тұр екен. 

"Сыртқа тек киім-кешегімді шығарып үлгердім. Жиһаз, құжат, бәрі үйде қалды. Ішке ешкімді кіргізбей жатыр. Әйтеуір барлығы аман", - дейді қала тұрғыны Алета Сычёва.

Қала әкімі Марат Тасмағанбетовтың айтуынша, апатты деп танылған үйлердің тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ететін тұрғын үй қоры жоқ.

"Сондықтан сіздерді әзірге уақытша пәтерлерге орналастарамыз. Алдағы уақытта бұл мәселені шешетін боламыз", -дейді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу