Төрт жылдан кейін алманы шет елден сатып алмауымыз мүмкін

933

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 4 жылдың ішінде шетелден импортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерін отандық өнімдерге алмастыруды жоспарлап отыр.  

Төрт жылдан кейін алманы шет елден сатып алмауымыз мүмкін

Азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінен Қазақстан өзін 80 пайызға қамтамасыз етеді, ал кейбірінен тіпті артықшылық бар, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Тек алты тауар, олар: алма, балық, шұжық өнімдері, ірімшік, сүзбе, қант және құс еті бойынша импорт тәуелділігі сақталуда. Десекте, бұл олқылықты ҚР АШМ жақын уақытта жоюды жоспарлап отыр.

Биыл жылына 105 мың тонна сүт өндіретін 25 тауарлық сүт фермасы, 3 ет комбинаты, қуаттылығы 73 мың тонналық 8 құс фабрикасы салынатын болады, 2 мың гектарға бақ отырғызу жоспарланған, Сондай-ақ, Жамбыл және Павлодар облыстарында жылына жалпы өндіріс қуаты 200 мың тонна қант өндіретін 2 қант зауытының құрылысы басталды. Сонымен қатар, қолданыстағы үш қант зауыты жаңғыртылады. Бұдан басқа, суармалы жерлердің көлемі азықтық дақылдары үшін – 45 мың га, көкөністерге 15 мың га кеңейтіледі. Сондай-ақ, әртараптандыру бойынша тиімділігі жоғары "майлы және бұршақты" дақылдарға арналған егістік алқабы ұлғайтылатын болады.

Аталмыш шаралар ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы өнімдері импортының жалпы үлесін 36,2%-дан 31,2%-ға дейін қысқартуға, ал 2024 жылға қарай елдің ішкі нарығын отандық азық-түлікпен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу