Төртінші МӨЗ бойынша жол картасы осы аптада ұсынылады

709

Төртінші МӨЗ бойынша жол картасы осы аптада ұсынылады

Қазақстанда төртінші мұнай-өңдеу зауытының құрылысы бойынша жаңа жұмыс тобы құрылуда. Бұл туралы бүгін өткен үкімет отырысында ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы тапсырмаларға сәйкес, келесі сұрақтар пысықталды. Бірінші төртінші МӨЗ құрылыс бойынша (...) халықаралық сарапшылар мен мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен бұрын құрылған жұмыс тобы МӨЗ-дердің жаңғыруынан кейінгі автобензин, дизельдік отын және әуе керосин өндірісі бойынша тұтыну болжамының толық талдауын жасады. Жұмыс қорытындысы бойынша МӨЗ-дердің жаңғыруынан кейінгі жанар-жағармай өндірісінің ұлғаюы, ішкі нарықты толығымен қамтуы орта мерзімге ғана жетілмек. Болжамды тұтынушылықты есепке алғанда автобензин тапшылығы 2021-2023 жылдары, дизельдік отын 2023 жылға қарай, әуе керосинінің тапшылығы 2026 жылға қарай пайда болуы мүмкін", - деді министр.

Сонымен қатар министр МӨЗ-дің құрылысы мен қаржыландыруға қатысты мерзімі әлеуетті инвесторлармен келіссөз жүргізу үшін жаңа жұмыс тобы құрылғанын айтты.

"Жұмыс тобының тиісті жол картасы әзірленеді. Оны біз 15 ақпанда ведомствоаралық комиссияның отырысында бекітуге ұсынамыз", - дейді ол.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев  9 ақпан күні үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытын салуға қатысты шешім қабылдауды жеделдету қажеттігін айтқан болатын. 9 ақпан күні өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында үкіметке төртінші МӨЗ-ді салу шешімін жеделдету тапсырылған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу