Төрткүл дүниедегі ең бақытты қаланың атауы белгілі болды

524

Лондонның Өмір сапасы институты жаңа рейтинг жасады. 

Төрткүл дүниедегі ең бақытты қаланың атауы белгілі болды Фото: Т--Ж

Оған сәйкес Копенгаген дүние жүзіндегі ең бақытты қала деп танылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты  АЗЕРТАДЖ басылымына сілтеме жасап.

Үздік бестік қатарында Цюрих (Швейцария), Сингапур, Орхус (Дания) және Антверпен (Бельгия) қалалары да енді.

Сарапшылар қалаларды алты негізгі критерий бойынша бағалады. Атап айтқанда, жалпы әл-ауқат (білім, мемлекеттік қолдау, тұрғын үй), басқару (азаматтардың қатысуы, ашық деректердің қолжетімділігі, электронды қызметтер), экология (жасыл алаңдар, ауа сапасы, қайта өңдеу деңгейі), экономика (жалпы ішкі өнім, жұмыссыздық деңгейі), денсаулық (медициналық қызмет, психикалық денсаулық, жұмыс пен жеке өмірдің тепе-теңдігі), мобильділік (транспорт жүйесі, қызмет көрсету сапасы, жолақы құны, жол-көлік оқиғаларының саны) секілді бағыттарға басымдық берілді.

Өмір сапасы институты жасаған рейтингке сәйкес, қалалар Golden Happiest, Silver және Bronze секілді үш топқа бөлінді. Сарапшылар 200 қаладағы көрсеткіштерді есепке алған.

Айта кету керек, осыған дейін  әлемдегі ең бай қалалар белгілі болғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу