Toshiba 4 мың қызметкерді жұмыстан шығаруды жоспарлап отыр

194

Жапондық электроника өндірушісінің шешімі қаржылық шығындарға байланысты болып отыр.

Toshiba 4 мың қызметкерді жұмыстан шығаруды жоспарлап отыр Фото: Reuters | Issei Kato

Жапондық электроника өндірушісі Toshiba 4 мың қызметкерді жұмыстан шығарады, бұл елдегі штат санының 6 пайызын құрайды. Компания қаржылық шығындарға байланысты персоналды қайта құрылымдау және қысқарту туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Қысқартуларды қараша айына дейін жүзеге асыру жоспарлануда, деп жазады inbusiness.kz cайты.

Toshiba бас атқарушы директоры Таро Шимада жұмыстан шығару туралы "ауыр шешім" қабылданғанын айтты. "Бұл Toshiba-ның тағы 100 жыл өмір сүруі үшін қажет", - деді ол.

Сонымен қатар, Шимада басшылық компанияның қайта өсуіне қол жеткізуге ниетті деп сендірді.

"Біз Toshiba-ның ең жақсы нұсқасын өмірге әкелуге 100 пайыз дайынбыз", - деді жапондық компанияның басшысы.

Toshiba өзінің акционерлік ресурстарын инфрақұрылым, энергетика және цифрландыру сияқты өсу салаларына бағыттайды. Компания еншілес компанияларды біріктіру арқылы қажетсіз операцияларды қысқартуды жоспарлап отыр.

Бұған дейін жапондық электроника өндірушісі 2023 жылдың сәуірінен 2024 жылдың наурызына дейінгі кезеңді қамтитын 2023 қаржы жылында 74,8 миллиард иен (481 миллион доллар) таза шығынға батқанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу