Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығында тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысына кедергі жасайтын тосқауылдар мен шектеулерді жою жоспарлануда.
Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, МӘМС аясында тауарлардың еркін қозғалысына кедергі жасайтын тосқауылдарды жою мәселесі Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің Мәскеуде өткен кезекті отырысында талқыланды.
Атап айтқанда, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілуде, онда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтерін сатып алу мен ақысын төлеуді жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің аударымдары мен жарналары есебінен "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес ұйымы жүзеге асыратын болады.
Осы ретте Қазақстанның осы тосқауылды жою бойынша алған міндеттемелері бұрын фармацевтикалық өнімнің ұлттық жеткізушілеріне берілген жеңілдіктерге қатысты қолданылмайды.