"Тосыннан болды": Төтенше жағдай министрі Перизат Қайраттың ұсталуына қатысты пікір білдірді

177

Шыңғыс Әрінов төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге көмектескен еріктілердің көп болғанын айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тосыннан болды": Төтенше жағдай министрі Перизат Қайраттың ұсталуына қатысты пікір білдірді Фото: inbusiness.kz

"Төтенше жағдай кезінде кімнің шын көңілмен, кімнің қалай көмектескенін аңғарып жататындай болмадық. Біздің міндетіміз гуманитарлық көмекті зардап шеккен аймақтарға жеткізу болды. Бұл міндетті егжей-тегжейлі тексермей-ақ орындадық. Перизат Қайраттың бір жерге жіберілгені есімде жоқ. Бірақ гуманитарлық көмектің діттеген жерге жеткені – факт", – дейді министр.

Шыңғыс Әрінов Перизат Қайраттың ұсталғаны күтпеген жағдай болғанын айтты.

"Иә, біз үшін тосыннан болған жағдай. Бірақ қазір жедел іс-шаралар жүріп жатыр, мен қалай пікір білдіремін", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу