Төтенше жағдай: Ақтөбеде 1400-ден астам адам эвакуацияланды

348

Оның ішінде 623 бала эвакуациялау пункттеріне орналастырылды.

Төтенше жағдай: Ақтөбеде 1400-ден астам адам эвакуацияланды Фото: видеодан алынған кадр

Ақтөбеде ТЖД, ЖАО, ПД күштерімен бау-бақша ұжымдарының тұрғындарын алдын ала эвакуациялау жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Белгілі болғандай, 1417 адам эвакуацияланды, оның ішінде 623 бала эвакуациялау пункттеріне орналастырылды.

Еске салайық, ауа райының күрт жылынуы салдарынан Ақтөбе қаласы, Елек өзені бойында бау-бақша ұжымдарындағы үйлерге еріген қар суы кіру қаупі туындаған болатын.

Отырыс нәтижесі бойынша Ақтөбе қаласы Елек өзені бойындағы бау-бақша ұжымында тұратын халықты уақытша орналастыру орындарына көшіру туралы шешім қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу