Төтенше жағдай басталғалы Құлсарыға мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді

178

Өңірдегі қабылдау пункттерінде азық-түлік қоры жеткілікті.  

Төтенше жағдай басталғалы Құлсарыға мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді Фото: oper_shtab_atyrau

Жылыой аудандық гуманитарлық көмек орталығында 60-қа жуық ерікті тұрғындарға азық-түлік таратуға жұмылдырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құлсары қаласындағы еріктілер штабының жетекшісі Жанаргүл Шарғабаеваның айтуынша, бүгінде пунктте азық-түлік қоры жеткілікті. 

⁃ Халыққа азық-түлікті белгілі бір кесте бойынша таратамыз.  500-ге жуық отбасын барлық қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырмыз.  

Қазір 20 тонналық фурамен Атыраудан гуманитарлық көмек келді, оларды 4 пункт арқылы таратудамыз. Бүгінгі таңда ұн, мұздатылған құс етінің, жұмыртқа, жарманың, жаялық пен төсек жабындысының қоры жеткілікті.

Ұзақ сақталатын азық-түлік, гигиеналық құралдар мен тұрмыстық химиялық заттардан тұратын гуманитарлық көмек Жылыойға облыс орталығынан келуде" деді спикер Жанаргүл Шарғабаева.

Төтенше жағдай басталғаннан бері Жылыой ауданына 1 мың тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу